ТАҒДЫРДЫҢ КӨЗІ
Дәл 26 жыл бұрын 1992 - Татарстан Республикасының шамамен үштен екі бөлігі егеменді мемлекет мәртебесін алу халықаралық құқық субъектісі дауыс беру туралы референдум өтті.
Референдумның мақсаты республиканың мемлекеттік егемендігін жариялау болды. 1992 жылғы 30 қарашада Татарстан Республикасының жаңа Конституциясы енгізіліп, оны егемен мемлекет деп жариялады.
Мәскеу референдумды мойындамады, республиканың Конституциясын мәжбүрлі түрде өзгертті.
Аудармам.
Өз сөзім :
Бұдан асқан кесапат болар ма еді ?! Қанша жыл бодандықта жүрген 15 мемлекет дараланып жатқанда бұлар көздері мөлдіреп қала берді. Ыңқ - деуге шамалары келмеді. Кәзіргі жағдайы мәз емес , елдің бюджетінің бір бөлігі Мәскеуге жіберіледі. Оларды да тіл тағдыры қатты алаңдаты. Орыс мектептері басым. Халқының қалалық орталығы орыстанған.
Олар енді жеке- дара болуының өзі жақын - арада екі талай.
Ал біз болсақ ата - баба жанын беріп аңсап кеткен Егемендікті ала тұра, ана- тілге мән бермек түгілі сөйлегіміз келмейді. Қазақшаға судаймын дейтін қазақтарыңның өзі арасына дәмі шықсын дегендей орысшаны қоспаса сөйлей алмайды. Тіл тазалығынан жұрдаймыз. Сөйтіп жүріп қазақпыз деп кеуде ұрамыз. Қаншама қалаларамыз тарихи аттарына зәру болып отыр. Одан қалды орыспен еріп келген иттерінің аттарына дейін қойған ықшам - ықшам аудандарды тіпті жауып қояйық. Бұның барлығы қашан дұрысталады құдай білсін. Осы тарапта Шерхан Мұртазаның жақсы сөзін айтып кетпеске болмас, " Күйреген рухты қайта көтеру — міне, қазіргі таңдағы басты мақсат осы "
Ұлтшылдық керек бауырлар !!!
Әрекетсіздік пен жалқаулық бізді аздырып тұр ағайын !!!
Қайрал
Ұрсаң да қазақ енді тұрмайды ,
Әлі жатыр ұйықы да сызбайды,
Қу қара басты ойлаумен ,
Тағы бір елу жылдай саспайды.
Тілге көңіл бөлгісі жоқ ,
Әйтеуір дейді қарным тоқ ,
Ғаламторда күні - түні
Батыр болғаннан ісі жоқ .
Кімге сенеді түсінбейді
Әрекетсіздік дүрлейді.
Бас көтерер біреу шықса ,
Өзі шалып сүрлейді.
Айта берсең жыртық көп ,
Жамау деген ойда жоқ .
Ұлтшыл - деген ұғымнан ,
Қорқып жүрген қазақ көп.
Жазғаны мен айтқаны бар ,
Көзіңді аш деп оятқаны бар ,
Енді Алаш сілкініп бір тұрмаса,
Бәрінен айырылатын түрі бар.
Дастан Абдырахманұлы.